ТОПТАМА ШАЙ ТУРАЛЫ Карта СІЗ ҮШІН

Карта

Қытай

«Пиала Gold» Көк шайы

Қытайды әлемдік шай дақылының отаны деп бекер айтпайды, ал Юньань провинциясында өмірге келген шай ағашының 4000 жылдан астам тарихы бар. Шайдың көк сұрыбын өндірудің басты ерекшелігі – оны өңдеу әдісі. Жаңадан жиналған шайды ашық аспан астында кептіреді. Жапырағы жұмсарған кезде оларды жұмсақ температуралық режимде жылумен өңдейді. Сол кезде оның жасыл түсі, балғын хош иісі мен табиғи емдік қасиеті сақталады. «Пиала Gold» Көк шайы – қытайдың Хунань провинциясынан алынған жапырақты шай. Ол теңіз деңгейінен 1000 метрден астам биіктікте орналасқан плантацияларда өсірілген. Мұндай биіктікте шай бұталары шағын, өте нәзік жапырақ береді, өңдеген соң олардың түсі бозғылт тартады. Ал демделген шайдың дәмі қанық, сергіткіш қасиетке ие, аздап гүлдің жұпар иісі сезіледі.

Шри-Ланка

Қаңылтыр құтыдағы «Пиала Gold»

Шри-Ланка шай өндіруден әлемде үшінші орында тұр. Таулы табиғат пен климат оған қажетті жағдайды жасап қойған. Цейлонда (шай бұталары Шри-Ланкада өсіріледі, бірақ шай цейлондық деп аталады) негізінен шайдың қара сұрыбы өндіріледі. Цейлон шайы бүкіл әлемде жұмсақ дәмі мен қайталанбас хош иісі үшін бағаланады. «Пиала Gold» цейлондық шайының классикалық, үйлесімді дәмі жеміс-жидектермен байытылған, жаздағы ең шуақты армандарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Вьетнам

«Пиала Gold» Таңдаулы

Вьетнам шайының үш мың жылдан астам тарихы бар. Вьетнамдықтар өмірінде шай дақылы ерекше орын алады. Келген қонаққа алдымен бір шыны шай ұсынады. Одан бас тартуға болмайды, ол шайды ардақтамау болып саналады. Вьетнамда бірінші сұрыпты шай көп шығарылады, бұл елді шай экспорттайтын жетекші елдер санатына жатқызуға болады. Алайда вьетнамдықтар қара шайды мүлдем ішпейді деуге болады, олар көк шайды ұнатады. Ол жақта өндірілген қара шайдың дәмін жергілікті тұрғындар тым ащы деп санайды, бірақ біздің тұтынушылар дәмінің қанықтығы мен толымдығы үшін жақсы көреді. «Пиала Gold» таңдаулы қара жапырақты шайы шай ағашының ең жоғарғы жапырағынан жиналған, сондықтан дәмі барынша жұмсақ және хош иісі айқын сезіледі.

Индонезия

Қазіргі кезде Индонезия әлемдік шай өндірісінде жетекші орын алады. Ылғалдығы жоғары табиғаты мен биік таудағы жанартау топырағы шай ағаштарын өсіруге тамаша жағдай жасайды. Джакартадағы аукцион барлық әлемдік шай сатушыларға жақсы танымал: апта сайын бұл жерде жоғары сұрыпты шайдың есепсіз мөлшері сатылымға шығарылады. Индонезия негізінен қара шайды ғана экспорттайды, көк шай сұрыптары тек ішкі қолданысқа арнап өндіріледі. Қасиеті жағынан индонезиялық шай цейлон шайына жақын: дәмнің толықтығы мен сарғыш-қызғылт тұнбаның нәзік жұпары бар.

Жапония

Жапониядағы алғашқы шай плантацияларын өсірген Киотодағы монах Сайсё деседі. Ол 801 жылы Хэйдзан қасиетті тауының етегіне шай өсіріпті. Бірақ Жапония тек ХІІ ғ. бастап шай ішуді үйренді, оған Қытайдан шай бұтақтарын алып келген дін қызметкері Эйсай ықпал етіпті. Қазіргі кезде Фудзияма тауының етегіндегі Сидзуока префектурасы ең маңызды өндірістік орталық болып табылады, ол жерде елдің шай өнімінің жартысы және танымал Сенча шайы өндіріледі. Жаңадан қайнатылған Сенча шайының дәмі сәл ащылау, ерекше ауыз қуыратын дәмінен жаңғақ пен хош иісті шөптердің үйлесімі байқалады. Сусынның әсерін ауызда өте ұзақ сақталатын және аса жағымды дәмі толықтырады, одан теңіздің әсерін байқайсыз.

Кения

Классикалық «Пиала Gold»

Кенияға шайды ағылшындар өздерінің Үндістандағы плантацияларынан алып келді. Кенияның табиғат жағдайы шай ағашына өте қолайлы: жанартаудан қалған қызыл топырақ, таулы алқаптар мен тропикалық климат және экватордың жақындығы шай сапасының тұрақты болуына ықпал етеді. Кениядағы плантациялардың бәрі таудың биігінде, теңіз деңгейінен 1500-2700 метр биіктікте орналасқан, сондықтан кениялық шай әлемде экологиялық таза өнім болып саналады. Кения шайының жапырақтары көбіне машинамен өңделеді: ол үш сатыдан тұрады: 1. Жапырақтарды сығымдау; 2. Ұсақтау; 3. Түйіршікке айналғанша шиыршықтау. Сондықтан да «Пиала Gold» Классикалық шайы біркелкі, аздап ауыз қуыратын үйлесімді дәм мен жағымды иіске ие және тұнбасының қайталанбас қызғылт түсі бар.

Үндістан

«Пиала Gold» Ерекше қою

Үндістанда шай таудың бөктерін жағалап, шеңберлене салынған террасада өседі. Бұл жақтың климаты өте ылғалды әрі ыстық. Бұндай ерекше табиғи жылыжайда шай айрықша қанық ауыз қуыратын дәм мен қоюлыққа ие болады, үнді шайы сонысымен ерекшеленеді. «Пиала Gold» Ерекше қою шайы – Үндістанның үздік плантацияларынан алынған түйіршіктелген шайдың бірегей композициясы, өз бойына қанық дәмнің айрықша қоюлығын біріктірген.