ТОПТАМА ШАЙ ТУРАЛЫ Карта СІЗ ҮШІН

ТОПТАМА

Классикалық

түйіршіктелген

Классикалық «Пиала Gold» – Кенияның биік таудағы плантацияларынан жиналған
шайдың ерекше купажы, біркелкі, үйлесімді дәмі сәл ауыз қуырады, шайдың хош иісі
өте жағымды, тұндырманың түсі ашықсарғыш – қызғылт болып шығады, оны ең ашық түсті
асыл тас – лағылмен салыстыруға болады. Сүтпен тамаша үйлеседі.

Ерекше қою

түйіршіктелген

Ерекше қою «Пиала Gold»  – үнді шайының қаныққан дәміне тән ерекше қоюлығын
сақтаған жаңа шай купажы. Айқын және балғын иісі сергітетін әсерге ие, ал қою дәмі
күні бойына жететін сергектік қуатын сыйлайды.

Кешкі

түйіршіктелген

Классикалық кешкі шайдың өзіне тән айқын дәмі мен жеңіл, табиғи балғындық
хош иісін Кешкі «Пиала Gold» шайының бекзат дәмінен сезе аласыз. Күннің соңында
шаршауды басып, денеңізді босаңсытады. Кешкі «Пиала Gold» таңдаулы дәмінен ләззат алып,
отбасылық жайлылық пен ішкі тыныштықты сезініп, рахаттаныңыз.

Таңдаулы

жапырақты

Таңдаулы «Пиала Gold» -  вьетнам және үнді шайының таңдаулы сұрыптарының
бірегей жиынтығы, шай өсіру тарихы ежелден басталатын екі елдің ең үздік дәстүрлерін
өз бойына қамтыған. Бұл үнді шайының үйлесімді дәмі мен вьетнам шайының таңдаулы нәзік
жұпар иісінің арасындағы таңқаларлық теңдікті сақтаған топтама. «Таңдаулы» атауы купажда
қолмен жиналған және сұрыпталған жоғарғы жапырақтардың шайы бар екенін білдіреді.
Осының нәтижесінде сырттай қарағанда самасының мөлшері бірдей, бір қалыпты демделеді, солайша
шай тұнбасының дәмі, түсі мен иісі қанық болады.

Көк шай

жапырақты

Қытайлық «Пиала Gold» көк шайы теңіз деңгейінен алғанда 1000 метрден жоғары
биіктікте орналасқан плантацияларда өсірілген. Мұндай биіктікте шай бұтақтары шағын,
өте нәзік жапырақ жаяды, оны өңдеп болған соң ерекше бозғылт реңкке енеді, ал дайын шай
салқындатқыш күшке ие, жеңіл-желпі гүлдің хош иісі бар қанық түсті болып шығады.