ТОПТАМА ШАЙ ТУРАЛЫ Карта СІЗ ҮШІН

ШАЙ ТУРАЛЫ

Шайды дұрыс сақтап жүрсіз бе?

Дәстүрлі шайды бөлме температурасында салқын жерде сақтаған дұрыс, сондықтан бикештердің көбі шайды сатып алған соң қорабын ашып, қаңылтыр құтыға салады. Біз шайды сақтау туралы көзқарасқа жаңалық енгіздік! «Пиала Gold» арнайы Ziplock ілгегі бар пакетте өзінің балғындығы мен қанық дәмін ұзақ сақтайды. Ziplock орамасы оны ашуға қолайлы және қажетті мөлшерін өлшеуге ыңғайлы етіп жасалған, самасын шәйнектің қасына төгіп алып, әуреленбейсіз. Көп реттік ілгек тығыз жабылады және сіздің сүйікті шайыңызды ылғал мен бөгде иістерден сенімді қорғайды.

Шайдың құрамында бояғыштар бар ма?

«Пиала Gold» шай тұнбасының әдемі қызыл түсінің құпиясы оның шыққан тегіне байланысты. Шай Кенияның жекелеген плантацияларында купаждалады, ол жердегі жанартаулы топырақ шай өсімдігі мен дайын шайға ашық қызыл түс береді.

Қалташадағы шай жапырақтыға қарағанда нашар ма?

Адамдардың көбі қалташадағы шайға күдікпен қарайды, оны шайдың қалдықтарынан әзірлейді деп санайды. Шын мәнінде, қалташадағы шай шайды ішуге дайындықты тездету үшін, қолайлы ету үшін жасалған. Шай жапырағы неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым тезірек қайнайды, солайша ұсақ шай самасы сумен тез әрі жақсырақ араласып, құрамындағы заттарын тез шығарады. 
«Пиала Gold» қалташаланған шайында ұсақ жапырақты шай қолданылады, ол қарқынды демделу үшін өлшемі бойынша арнайы сұрыптаудан өтеді. Сондықтан да ол жоғары сұрыпты жапырақты шайдың барлық дәмін сақтайды.